|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Большевик негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Большевистская основная средняя школа отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
✅1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
1 сәуірден бастап 2026–2027 оқу жылына балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау басталады. Өтінішті 31 тамызға дейін электронды түрде egov.kz порталы арқылы беруге болады.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Биыл облыс мектептеріне шамамен 9 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы келеді деп күтілуде.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
* ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші;
* №065-у және №052-2/у нысандарындағы медициналық анықтамалар;
* 3×4 өлшеміндегі 2 фото.
Ата-аналарға құжаттарды соңғы күндерге қалдырмай, алдын ала тапсыру ұсынылады. Себебі мектептердегі орын саны шектеулі, ал сұранысы жоғары мектептерде орындар қабылдау мерзімі аяқталмай тұрып толып қалуы мүмкін.
Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта қабылданады.
Сондай-ақ, бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар мен тестілеулер толықтай алынып тасталғанын, оның ішінде инновациялық мектептерде де өткізілмейтінін еске саламыз.
✅С 1 апреля стартует приём заявлений в первый класс
С 1 апреля начинается приём документов для зачисления детей в 1 класс на 2026–2027 учебный год. Подать заявление можно в электронном формате через портал egov.kz до 31 августа.
В первый класс принимаются дети с 6 лет по заявлению родителей, независимо от уровня подготовки. В этом году в школы области ожидается около 9 тысяч первоклассников.
Для подачи заявления необходимы:
* заявление родителей или законных представителей;
* медицинские справки по формам №065-у и №052-2/у;
* 2 фотографии 3×4.
Родителям рекомендуют не откладывать подачу документов, так как количество мест в школах ограничено, и в популярных школах они могут заполниться раньше срока окончания приёма. Приём документов осуществляется с понедельника по пятницу, кроме выходных и праздничных дней.
Также напоминаем, что экзамены и тестирования при поступлении в первый класс полностью исключены, в том числе в инновационных школах.

|
5
марта
2026
|
2026 жылғы 20 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің Большевик негізгі орта мектебі» КММ-де шағын жинақты мектеп (ШЖМ) мұғалімдеріне арналған «Қайта жүктеу» атты семинар — педагогикалық ретрит өтті.
Іс-шараның мақсаты: ШЖМ педагогтерінің құзыреттілігін арттыру, эмоционалдық ресурстарын нығайту, мотивацияны көтеру және кәсіби жалығудың алдын алу үшін кәсіби кеңістік құру.
Семинар бағдарламасы:
* Мастермайнд: «Көпміндеттілік өнері: ШЖМ-де сабақты қалай тиімді өткізуге болады».
* Ұйымдастырушылар: бастауыш сынып мұғалімдері А.Т. Сарсенова және Н.А. Махмутова.
* Қатысушылар біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін талқылап, тиімді әдістемелік тәсілдермен және практикалық тәжірибемен бөлісті.
* Ашық сабақтар: Біріктірілген сыныптардағы оқыту шеберлігін келесі мұғалімдер көрсетті:
* Г.К. Утебаева (орыс тілі мұғалімі): 7-8 сыныптардағы «Үйсіз жандарға әлеуметтік көмек. Бұйрық райлы етістіктер» және «Су — сенің өзің өмірсің! Атаулы сөйлемдер» тақырыптары бойынша.
* Ақнұр Меңдіғалиқызы Ерқоңырова (бастауыш сынып мұғалімі): 2-3 біріктірілген сыныптарында математикадан 2-сыныпта «1 санына көбейту және бөлу», 3-сыныпта «Қалдықпен жазбаша бөлу» тақырыптарында сабақ өткізді.
* Психологиялық тренинг: «ШЖМ педагогтерінің эмоционалдық жалығуы: ресурс пен мотивацияны қалай сақтау керек?».
* Жүргізуші: мектеп директоры Б.К. Есенова.
Қорытынды
Іс-шара тарих пәнінің мұғалімі С.С. Щелкунның жетекшілігімен өткен «Педагогикалық апгрейд: нәтижесінде не қалды?» атты рефлексиямен аяқталды. Талқылау барысында педагогтер жұмысты қорытындылап, құнды жаңалықтарды атап өтті және алдағы кәсіби даму бағыттарын айқындады. «Қайта жүктеу» семинары ауданның ШЖМ педагогтерінің кәсіби қауымдастығын дамытудағы маңызды қадам болып, командалық іс-қимылды нығайтуға және қолдау мен шабыт атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті.









