|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Большевик негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Большевистская основная средняя школа отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
июня
2026
|
2026 жылғы 29 мамырдан 11 маусымға дейін 9-сынып оқушыларына математика (алгебра), Қазақстан тарихы, орыс тілі және қазақ тілі пәндері бойынша қорытынды аттестаттау өткізіледі. Түлектерге емтихандарды сәтті тапсыруды тілейміз!
С 29 мая по 11 июня 2026 года проводится итоговая аттестация учащихся 9 класса по следующим предметам: математика (алгебра), история Казахстана, русский язык и казахский язык. Желаем выпускникам успешной сдачи экзаменов!

|
10
июня
2026
|
25 мамырда «Большевик негізгі орта мектебі» КММ-де 2025-2026 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы мереке «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ерекше мәнге ие болды. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде ауыл әкімі Қ.Қ. Жиналинов қатысты. Ол оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жылы лебізбен құттықтап, түлектерге жаңа өмір жолында сенімділік пен табыс тіледі.
Жиын барысында оқу жылының қорытындысы шығарылып, оқуда, спортта және шығармашылықта үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Мереке әрбір жанның жүрегінде ең жылы, жарқын және тебіреністі естеліктер қалдырды.
Ақ жол, жас түлектер!
25 мая, в КГУ «Большевистская основная средняя школа» прошла торжественная линейка, посвященная завершению 2025-2026 учебного года. В этом году праздник наполнился особым смыслом в рамках реализации единой программы воспитания «Адал Азамат». Почетным гостем мероприятия стал аким села Жиналинов К.К. Он тепло поздравил ребят, педагогов и родителей, пожелав выпускникам уверенности и успехов на новом жизненном пути.Подведены итоги учебного года, а лучшие ученики получили награды за успехи в учебе, спорте и творчестве.



|
10
июня
2026
|
2026 жылғы 15 мамырда Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтіп, мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
Махатаева А. (9-сынып) — 2-орын (қазақ тілі мен әдебиеті бағыты, жетекшісі: Б.Д. Утешева);
Биттер Д. (8-сынып) — 3-орын (тарих бағыты, жетекшісі: С.С. Щелкун).
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
15 мая 2026 года состоялся районный этап Республиканского конкурса научных проектов , где учащиеся школы приняли участие и заняли призовые места: Махатаева А. 9 класс -2 место(казахский язык и литература, руководитель Утешева Б.Д.), Биттер Д. 8 класс - 3 место (история, руководитель Щелкун С.С.). Поздравляем! 
|
10
июня
2026
|
«Жітіқара ауданының білім бөлімінің «Большевик негізгі орта мектебі» КММ-нің 2-сынып оқушысы Қали Аянат «Ыбырай Алтынсарин оқулары – 2026» байқауының аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды.
Оқушы өзінің терең білімі мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Жетекшісі — (Б.Д. Утешева.)
Аянат пен оның жетекшісін сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да үлкен жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!»
Ученица 2 класса КГУ «Большевистская основная средняя школа отдела образования Житикаринского района» Қали Аянат приняла участие в районном этапе конкурса «Ыбрай Алтынсарин оқулары – 2026», где заняла почётное 3 место.Ученица продемонстрировала хорошие знания и творческие способности. Руководитель — (Утешева Б.Д.).Поздравляем Аянат и её руководителя с успешным выступлением и желаем дальнейших достижений и новых побед!
|
9
апреля
2026
|
«Азаматтық бірегейлікті нығайту, патриоттық сананы қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті дамыту, ұлттық құндылықтар туралы білімді кеңейту, сондай-ақ оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігін тәрбиелеу мақсатында «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді».
С целью укрепления гражданской идентичности, формирования патриотического сознания, развития уважительного отношения к государственным символам, расширения знаний о национальных ценностях, а также воспитания активной гражданской позиции и ответственности у учащихся был проведён круглый стол на тему «Государственные символы Казахстана».

|
9
апреля
2026
|
«Қардың еруіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру мақсатында оқушылармен «Су қоймаларындағы қауіпсіздік» тақырыбында түсіндірме әңгімелесу жүргізілді».
С таянием снега с учащимися была проведена беседа на тему «Опасности на водоёмах» с целью предупреждения несчастных случаев, формирования навыков безопасного поведения и повышения ответственности за свою жизнь и здоровье.

|
9
апреля
2026
|
«Большевик негізгі орта мектебі» КММ-де төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша жаттығу сабағы өтті. Оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді: оқыту бейнематериалдары көрсетіліп, ТЖ кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша әңгімелесулер мен нұсқаулықтар берілді.
В КГУ «Большевистская основная средняя школа» прошло тренировочное занятие по действиям при чрезвычайных ситуациях.С учащимися была проведена разъяснительная работа: просмотр обучающих видеоматериалов, беседы и инструктажи по правилам безопасного поведения при ЧС.
Безопасность начинается со знаний!








