ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Большевик негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Большевистская основная средняя школа отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Большевистск с/о , Тургеновка селосы, Целинная көшесі, 14 А құрлыс
8(714-35)3-26-81
bolshevistskaya@zhitikara.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Большевик негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Большевистская основная средняя школа отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы

https://eotinish.gov.kz/auth/login

019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын жолдады. Онда азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.

Өтініштермен жұмыстың барлық процестерін цифрландыру келесіні қамтамасыз етеді:

- өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;

- мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту;

- өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар ету;

- мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасын қалыптастыру.

Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өткізіледі. Бұл жазылымнан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға жүктемені азайту, типтік жағдайлар бойынша қағазбастылық пен төрешілдікті болдырмау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы базасында «Нәтиже» орталығының жұмысы енгізілуде. Оның міндеті тек өтініштерді қабылдауда ғана емес, сондай-ақ жүйеде «білім базасын» пайдалана отырып немесе тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтан қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен азаматтың мәселесін сол жерде шешілуін қайта өңдеу болып табылады. «Нәтиже» орталықтары бірінші кезекте түсіндіру сипатындағы барлық келіп түскен өтініштердің 50% - на дейін іріктей алады деп күтілуде. Сол арқылы азаматтардың мәселелерін жүгінген күні бірден шешу.

Мемлекеттік органдарды ақпараттық жүйеге қосу ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жоспарланып отыр.

© 2024. Все права защищены.